04.02.2026
2026 жылғы 02 ақпан күні мектеп-лицейімізде 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға “Геодезия, картография және құрылыс” колледжінің білікті оқытушылары арнайы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж оқытушылары геодезия, картография және құрылыс мамандықтарының ерекшеліктері, бұл салалардың қазіргі қоғамдағы маңызы, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы даму мүмкіндіктері жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар,