2026 жылғы 21 қаңтарда 11-сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасы
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат ұсыну және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру болды. Онлайн кездесуге Абай облысы білім басқармасының өкілдері және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) профессор-оқытушылар құрамы мен жауапты мамандары қатысты.